Связаться
Редакция

Пресс-релиз9 октября 2025

Алматыда стартаптарға арналған UX LAB зерттеу зертханасының алғашқы кездесуі өтті

MOST IT Hub-та Bereke Bank қолдауымен Rocket Tech және MOST IT Hub зерттеу зертханасы — UX LAB аясында алғашқы іс-шара өтті. Мұнда стартаптардың АТ-өнімдері нақты пайдаланушыларда тексеріліп, шешімдер деректер негізінде қабылданады.

Іс-шараны MOST IT Hub бас директоры Диас Қожатаев пен Rocket Tech тең құрылтайшысы Олег Качалин ашты.

Rocket Tech тең құрылтайшысы Олег Качалин
Rocket Tech тең құрылтайшысы Олег Качалин

Іс-шарада Rocket Tech зерттеушісі әрі UXR Lead Виктор Купцов сөз сөйледі. Ол бұл салада 8 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, жүзден астам жобаны жүзеге асырған. «Өнімді бизнеске қалай айналдыруға болады: зерттеулерге сүйене отырып масштабтауды іске қосу» тақырыбындағы баяндамасында Виктор қатысушыларға субъективті болжамдардан объективті деректерге көшудің стартаптар үшін неліктен маңызды екенін және зерттеулердің өсу нүктелерін табуға қалай көмектесетінін көрсетті.

Залда UX және өнімдік тәжірибелерге қызығушылық танытатын стартап иелері, зерттеушілер мен жас мамандар жиналды. Аудитория белсенді түрде сұрақтар қойды, ал соңында қатысушылар өз жобаларын келесі кезең — UX-прожаркаға шығару мүмкіндігіне ие болу үшін сауалнамалар толтырды.

Алда не күтіп тұр?

UX LAB бағдарламасы жалғасуда:

  • 29 қыркүйек — UX-прожарка: Rocket Tech және Bereke Bank сарапшыларынан нақты жобаларды ашық талдау.
  • 6 қазан — өнімдерді пайдаланушыларда тестілеуге дайындау бойынша воркшоп.
  • 9 қазан — Алматыда UX LAB-тың ресми ашылуы.

UX LAB — бұл стартаптар мен командалар үшін өз идеяларын тексеруге, шынайы кері байланыс алуға және әдетте ірі компаниялардың «сахна сыртында» қалатын тәжірибелерімен танысуға арналған бірегей мүмкіндік.

Барлық іс-шаралар Алматыдағы MOST IT Hub-та өтеді.

Келесі кезеңдерге тіркелу бот арқылы жүргізіледі.

Ещё материалы

Отправить запрос Расскажите, что нужно довести до работы в банке — менеджер свяжется с вами.
ТЗ или презентация, до 10 МБ