Байланысу
Редакция

РепортажСерия · 2 бөлімнің 1-і

«Күнделікті өмірде мұндай кейстерді ести бермейсің». Алғашқы Halyk Tech Sprints митапы қалай өтті

1 тамызда Halyk Bank Алматыда Halyk Tech Sprints АТ-митаптар сериясын іске қосты. Банк командасы ұйымдастырушы серіктесі Rocket Tech-пен бірлесіп, 2025 жылдың соңына дейін 7 тақырыптық іс-шара өткізеді. Әрбір ивентте түрлі АТ-департаменттердің жетекші мамандары мен сыртқы сарапшылар цифрлық банкингті дамыту тәжірибесімен және нақты жобалардың кейстерімен бөліседі. Алғашқы Halyk Dev Meetup әзірлеудің бірнеше бағытын қамтып, бір алаңда 200-ге жуық қатысушының басын қосты.

Бағалау

Еліміздегі ең ірі банктік суперапптардың бірін әзірлеушілер қандай қиындықтармен бетпе-бет келетінін және оларды қалай шешетінін білдік.

«Үлкен кәсіби АТ-қауымдастық құрғымыз келеді»

Бәсекелестіктің артуы аясында Halyk Bank Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып қала береді. АТ-блокта 800-ден астам адам жұмыс істейді және жаңа сервистердің іске қосылуына қарай банк мамандарды белсенді түрде жұмысқа тартуда.

Андрей Заварзин
Андрей Заварзин

BaaS-платформасы МҚҰ үшін төрт негізгі сервисті ұсынады:

  • Несие қаражатын Halyk картасынан МҚҰ шотына лезде аудару;
  • Қарыздарды клиенттің картасынан өтеу;
  • МҚҰ қосымшасының ішінде мемлекеттік сервистерге GovTech-қолжетімділік;
  • KYC — Halyk ID көмегімен клиентті авторизациялау және бастапқы идентификациялау.

«Бұл шешім Time to Market уақытын қысқартады, техникалық жүктемені төмендетеді, құжат айналымын жеңілдетеді және МҚҰ-ның коммуникация шығындарын азайтады. Пайдаланушылар үшін бұл — бірнеше рет басу арқылы қарыз алу, берешекті өтеу немесе мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндігі», — деп қосты Halyk-тағы Neobank басқармасының бастығы Роман Третьяков.

Алдиар Арыстанбаев
Алдиар Арыстанбаев

«Биыл сыртқы нарыққа шығып, цифрлық мамандық өкілдері үшін үлкен кәсіби қауымдастық құруды ұйғардық. Жинақталған сараптама мен тәжірибе алмасу арқылы қазақстандық АТ-индустрияның дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Ең қызықты бағыттардың бірі – фронтальды жүйелерді, соның ішінде банктік қосымшалар мен сайттарды әзірлеуден бастаймыз», – деп атап өтті Halyk Bank басқарма төрағасының АТ жөніндегі орынбасары Андрей Заварзин өзінің алғысөзінде.

Halyk Tech Sprints сериясы аясында ұйымдастырушылар инфрақұрылым мен классикалық әзірлеуден бастап, үлкен деректерге (big data), финтехтегі жасанды интеллектке (AI) және BaaS-сервистеріне дейінгі АТ жұмысының барлық негізгі бағыттарын қамтиды.

Индира Аширова
Индира Аширова

«Бастапқыда біз тар АТ-бағыттар бойынша шағын митаптардан бастауды жоспарлағанбыз, бірақ жарнаманы іске қоспас бұрын бос орындардан да көп қатысуға өтінім алдық. Алғашқы ивентке джуниорлар, мидлдар және тіпті тимлидтер сияқты әртүрлі деңгейдегі мамандар келді. Қазақстандық мамандардың ауқымды сервистерді дамытуға үлес қосуға ұмтылатыны қуантады және біз ірі корпорация ретінде бұл үшін барлық жағдайды және тамаша мансаптық мүмкіндіктерді жасаймыз. Halyk Bank Top Employers Institute халықаралық ұйымының нұсқасы бойынша Қазақстандағы «2025 жылдың Үздік жұмыс берушісі» («Top Employer») мәртебесін алды. Банк HR-тәжірибелердің жоғары жетілу деңгейін көрсетіп және адами капиталды басқару саласындағы бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша жаһандық бағдарлардан асып түсіп, осы мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық бренд болды», – деп түсіндіреді Halyk Bank HRD Индира Аширова.

Геймификация да назардан тыс қалмады. Алғашқы митап қатысушыларына 7 ивенттің әрқайсысына қатысқаны үшін мөр жинауға арналған Halyk tech passport берілді. Ең белсенді қатысушыларды бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны күтеді.

«Біз белсенді түрде трансформацияланудамыз және нарыққа біздің банкте enterprise деңгейіндегі әлемдік технологиялармен жұмыс істеуге болатынын көрсеткіміз келеді. Оның үстіне бізде мұндай бағыттар өте көп, – дейді Halyk инновациялық технологиялар департаментінің директоры Алдиар Арыстанбаев. – Банк бүкіл Қазақстан бойынша шамамен 12,5 млн пайдаланушыға қызмет көрсетеді, сондықтан кез келген жаңа өнім немесе функционал қалың бұқараға есептелген. Тиісінше, әрбір спикер қателік құны өте жоғары болатын бірегей тәжірибесімен бөлісе алады. Кең ауқымда мұндай кейстерді әдетте ести бермейсің».

«Жаңа фичаны 5-10 минут ішінде шығара аламыз»

Dev Meetup бағдарламасын Teamlead DevOps Андрей Кирилов АТ-инфрақұрылымды басқару тәжірибелері және олардың цифрлық өнімдерді жасауға әсері туралы баяндамасымен ашты. DevOps терминінің өзі әзірлеу (Dev) және операциялық командалардың (Ops) тоғысындағы тәсілді білдіреді. Оның міндеті – цифрлық сервистердің жылдам іске қосылуын, сондай-ақ олардың тұрақты жұмысын, ақауларға төзімділігін және масштабталуын қамтамасыз ету.

Егер әзірлеушілер код жазса, DevOps-инженерлері оны қажетті ортада, мысалы, серверде немесе бұлтта жұмысқа қосады. Мұндай мамандар әзірлеушілерге кодинг және басқа да күнделікті міндеттер үшін қажетті барлық инфрақұрылым мен сервистердің мониторингіне жауап береді. Мысалы, оларсыз бірдеңені түзету қажет болғанда, өнімнің жұмыс нұсқасына (продакшн) енгізілген өзгерістерді болдырмай, «продты кері қайтару» тез жүзеге аспайды.

Андрей Кирилов
Андрей Кирилов

«Әдетте, бірдеңе бұзылмайынша, DevOps-инженерлерінің жұмысы көрінбейді. Мысалы, егер желіде ақау пайда болса немесе сол әзірлеушінің кодингке арналған қосымшасы істен шықса, әріптестеріміз бізге жүгінеді. Сондай-ақ біз инфрақұрылымның ыңғайлылығына жауап береміз. Halyk Onlinebank қосымшасының базасында шамамен 300-400 түрлі микросервис жұмыс істейді, ал оларды қолдау орталықтандырылған тәсілді қажет етеді. Оны енгізу арқылы біз прод пен тестілік ортаны қоса алғанда, жаңа фичаны немесе жаңартуды шамамен 5-10 минут ішінде шығара аламыз», – дейді Андрей Кирилов.

«Бұл AI-жүйесі пайдаланушының алғашқы кликтен бастап қате пайда болғанға дейінгі жолын қайта жасайды»

Екінші тұсаукесерде Developer Onlinebank Ярослав Седышев 500 мыңнан астам белсенді пайдаланушы аудиториясы бар кәсіпкерлерге арналған Halyk iOS-қосымшасын оңтайландыру кейсімен бөлісті. Маманның айтуынша, мұндай клиенттік базамен әзірлеу жауапкершілігі саусақ ұшымен сезіледі.

Ярослав Седышев
Ярослав Седышев

«Onlinebank қосымшасы 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Көп жылдар бойы оның кодтық базасы қарқынды және бақылаусыз өсті. Бір кездері қосымшаны жүктеу 10 секундқа жуық уақытты алатын болды. Біз шаралар қабылдап, жүктеу уақытын 2 секундқа дейін жылдамдата алдық. Оның үстіне, біздің 1,5 мыңға жуық клиентіміз пайдаланатын Iphone 7, 8 және X сияқты ескі құрылғылар үшін де қосымшаны оңтайландырдық. Жағдайды түзету үшін барлық кітапханаларға (ішкі бағдарламаларға) ревизия жүргізіп, қолдау көрсетілетін ең төменгі iOS нұсқасын 13-тен 13,4-ке дейін көтердік. Содан кейін процестерді оңтайландырдық, кейбір шешімдерден бас тарттық және кодтық базаны үнемі қысқартып отырдық», – деп еске алады Ярослав Седышев.

Ярослав Седышев
Ярослав Седышев

Митаптың екінші бөлімінде «Перфоманс» компаниясының сарапшысы банкте Dynatrace жүйесін енгізу туралы айтып берді. Жүйенің функционалы инфрақұрылым мен қосымшалар мониторингінен бастап, бизнес-процестер мен көрсеткіштерге, маркетингтік стратегиялардың тиімділігіне дейін және т.б. бірнеше бағытты қамтиды.

Dynatrace бақылауында 21 жүйе бар, оның ішінде банктің үздіксіз жұмысына жауап беретін мобильді қосымша мен инфрақұрылымдық сервистер. Нәтижесінде ол банктік сервистердің тоқтап қалу уақытын қысқартады және бизнес-көрсеткіштерге әсер етеді.

«Біз орынды жерде WebView-ді үнемі қолданамыз және iOS- пен Android-әзірлеушілердің уақытын айтарлықтай үнемдейміз. Бұл тәсіл бизнестің App Store мен Google Play-де жаңартулардың жариялануын күтуге уақыты болмаған кезде және оның талаптары тез өзгеруі мүмкін болған жағдайда әсіресе өзін ақтайды. Мысалы, 2024 жылы Air Astana IPO-сы кезінде парақшаның дизайны сағат сайын жаңарып отырды — баннерлер, визуалдар, акценттер. Бәсекелестер жаңа релиздер дайындап, тексерулерден өтіп жатқанда, біз өзгерістерді бірден шығарып отырдық. Жаңартулардың өзектілігі мен жылдамдығының арқасында Halyk берілген өтінімдер бойынша көшбасшы болды», – деп бөлісті Ильяс Сағымбеков.

Қорытынды тұсаукесерде Developer Halyk SuperApp Айдос Бақтаев супераппта іздеу қалай жұмыс істейтінін және қосымшаның дамуына қарай оның командасы қандай қиындықтарға тап болғанын түсіндірді. Контенттің өсуімен және жаңа бөлімдердің қосылуымен релевантты сұраныстар бойынша іздеу қиындады. Нәтижесінде әзірлеушілерге сұраныстарды құру логикасын қайта қарап, стоп-сөздерді қосуға тура келді.

«Жаңа іздеу жүйесін әзірлеудің басында біз айына 300 мың сұраныс алатынбыз. Жаңа бөлімдерді, соның ішінде Halyk Market-ті қосу және ранжирлеуді жақсарту арқылы 2024 жылдың желтоқсанында 1 млн іздеу сұранысы шегінен өттік. Ал наурыз айында – 2 млн сұраныс белгісінен астық. Біздің өсу көрсеткіштерімізбен қатар суперапп ішіндегі конверсия да артты. Бұл ретте біз іздеу жұмысын жақсартуды жалғастырудамыз, түрлі зерттеулер жүргіземіз және AI-құралдарын, соның ішінде дербес дауыстық көмекшіні енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Айдос Бақтаев.

Митап соңында Halyk HRD Индира Аширова мен Halyk инновациялық технологиялар департаментінің директоры Алдиар Арыстанбаев іс-шараны қорытындылап, келесі ивентті анонстады. Атап айтқанда, баяндамашылардың бірі Backstreet Boys концертіне билеттерді сату басталған кезде банк әзірлеушілері сервистің үздіксіз жұмысын қалай қамтамасыз ете алғаны туралы айтып береді.

Келесі митаптардың кестесі мен тіркелу ұйымдастырушылардың ресми парақшасында қолжетімді.

Басқа материалдар

Сұраныс жіберу Банкте нені жұмыс күйіне жеткізу керектігін айтыңыз — менеджер сізбен байланысады.
Қалай байланысқан ыңғайлы?
ТТ немесе презентация, 10 МБ-қа дейін